Выйти
RU

Алматы зертханасында коронавирусты тексеру қалай жүріп жатыр (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирусқа сынақ қалай өтіп жатыр, сараптаманың бағасы бұған дейін жарияланған бес мыңның орнына 19 мың теңгеден асты және тест оң нәтиже берсе не істеу керек деген сауалдарға зертхана қызметкерлері жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы зертханасында коронавирусқа талдау қалай жүріп жатыр (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жақында коронавирусқа жедел тестілеу тек ауру белгілері басталғаннан кейін ғана жүргізілмейтін болды. Енді барлығы дерлік cdl.kz сайтында анкета толтыру арқылы тест жасай алады.

Бұдан кейін Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының эпидемиологтары эпидемиологиялық өлшемдер негізінде КВИ бойынша вирус жұқтыруы мүмкін адамдар тобына кіретіндерді таңдайды және мақұлдайды.

Алматы зертханасында коронавирусқа талдау қалай жүріп жатыр (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Экспресс-тестілеуден тек Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындары ғана өте алады. Өтініш берген адамға тест тапсырғаннан кейін оны ыңғайлы уақытта "Олимп" зертханасына шақырады. Тестілеудің аталған зертхананың өзі жүргізеді.

Процедура 15 минуттан көп уақытты алмайды. Процедуралық кабинеттердцің сырты мен ішінде науқастардың арасындағы қашықтықтың сақталуын қадағалайтын белгілер бар. Алайда көп жағдайда оның қажеті жоқ. Себебі адамдар кезекте тұрып қалмауы үшін оларды арнайы бір уақытқа шақырады. Сынақтан өткелі жатқан адам міндетті түрде маска киіп келуі қажет.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Алматы зертханасында коронавирусқа талдау қалай жүріп жатыр (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Қызметкерлер де обаға қарсы қорғаныш костюмдер мен маскалар киеді, ал кабинеттер ұдайы тазаланып отырады. Сондай-ақ, лаборарияның хабарлауынша, қызметкерлердің өзі де сынақтан өтті.

Кіре берісте зертхана қызметкері пациенттің температурасын өлшейді. Егер ол жоғары болса, онда тест жүргізуден бас тартылады. Дене температурасын өлшегеннен кейін, қалыпты көрсеткіштер болса, науқас тексеру үшін құжаттарды ұсынады - мұның бәрі байланыссыз, кемінде бір жарым метр қашықтықта жасалады.

Зертхана қазіргі уақытта оң нәтижелердің сирек анықталғанын айтады. Айта кету керек, экспресс-сынама шамамен 85-90% дәл көрсетеді , тесттердің 10-15% жалған оң немесе жалған теріс болуы мүмкін. Алайда, тест нәтижелері бойынша диагноз қойылмайды, ол үшін коронавирусты анықтауға ПТР диагностикасы жасалады.

Алматы зертханасында коронавирусқа талдау қалай жүріп жатыр (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ.

ПТР сынақтары "Олимп" зертханасында да өткізіледі, олардың нақты бағасы - 19 220 теңге, материалды іріктеу үшін 540 теңге төленуі керек. Белгілі болғандай бұған дейін 5000 теңге тұрады деп хабарланған экспресс-тесттер енді тегін болып шықты. Себебі зертхана "Сәби" қоры бөлген ақшаға 109 мың сынақ сатып ала алды.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы зертханасында коронавирусты тексеру қалай жүріп жатыр (фото)