Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзбояушылық": Лукашенко оқушылардың мектепте маска тағуына қарсы шықты

Опубликовано:

Белоруссия президенті Александр Лукашенко мектептерде бетперде киюге қатысты өз пікірін айтты. Мемлекет басшысы балалардан маска тағып жүруді талап ететіндер бұл ісі үшін жауап беретінін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: president.gov.by
Фото: president.gov.by: UGC

Белоруссия басшысының жұмыс сапарының нәтижесін оның ресми сайты жариялады.

Лукашенко көптеген мәселелер арасында мектептердегі оқуды қайта бастауға қатысты мәлімдеме жасады.

Президент оқушылар демалысын бір аптаға созса да, бұл шараға түбегейлі қарсы екенін айтты. Ол оқу үрдісін кейінге қалдыруға ешбір себеп жоқ екенін жеткізді.

Оған қоса, мемлекет басшысы кейбір білім ошақтарында оқушылардан маска тағып, антисептик қолдану жөнінде талаптар енгізілгеніне шүйлікті. Ол мұндай шараларды барып тұрған "көзбояушылық" деп есептейтін болып шықты.

"Не деген ақымақтық. Оқушылардан талап етудің қажеті жоқ. Әсіресе мектепте бетпердемен жүріп керек емес. Мұндай талап болған жоқ. Егер де мұндайды өздігінен енгізіп жатқандар болса, олар бұл ісі үшін жауап беретін болады. Одан да терезені ашып, кабинеттерді желдетіңдер" , - деді Лукашенко.

Сонымен қатар, президент вирустан қорғануға бағытталған тағы бір шараға қатысты қарсылығын білдірді.

Ол оқушыларды ДДСҰ ұсынғандай 1-2 метр қашықтықта отырғызу мүлдем орынсыз екенін жеткізді. Лукашенконың сөзінше, олар үзілісте бәрібір бірге жиналып тұрады.

Айта кетейік, Worldometers көрсеткіштеріне сәйкес бүгінде Белоруссияда коронавирус жұқтырудың 6,5 мың оқиғасы тіркелген. Инфекциядан мемлекеттің 55 азаматы көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852161-kzboausylyk-lukasenko-okusylardy-mektepte-maska-taguyna-karsy-sykty/

pixel