Выйти
RU

Ақтауда коронавирус жұқтырған әйел дүниеге дені сау сәби әкелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

21 сәуірде перинаталдық орталыққа түскеннен кейін COVID-19 диагнозы қойылған Маңғыстау облысының тұрғыны дені сау баланы дүниеге әкелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтауда коронавирус жұқтырған әйел дүниеге сәби әкелді

Көрнекі фото: pixabay.com

Өңір орталығы мәліметтеріне сәйкес, көрсеткіштер бойынша әйелге "кесар тілігі" жасалған. Ол салмағы 2,7 келіні құраған қыз баланы өмірге алып келді деп жазалы Lada.kz.

Ота алматылық және астаналық мамандармен келісе отырып жүзеге асыпты. Сәби дүниеге келген соң, КВИ-ға талдау жасалған. Әзірге олардың нәтижесі белгісіз.

Сонымен қатар, жаңа босанған келіншек өзін жақсы сезінеді. Ол провизорлық стационардың балалар палатасына орналастырылған. Оны медициналық қызметкерлер тәулік бойы бақылайды. Ананың жағдайы тұрақты.

Әйел инфекциялық ауруханада емделеді. Қазіргі таңда өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 16 жағдайы тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, 9 сәуір күні Қызылордада вирус жұқтырған әйел сау баланы дүниеге әкелген еді.

Перзентханаға келген сәтте онда ЖРВИ белгілері, сондай-ақ, 38 градусқа дейін дене қызуы байқалған.

Науқастың Covid-19-ға тапсырған сынағы оң нәтиже көрсетті. Босану қалыпты түрде өтті. Бала 3 келі салмақпен дүниеге келді. Кейінірек оның дені сау екені анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтауда коронавирус жұқтырған әйел дүниеге дені сау сәби әкелді