Выйти
RU

"Адам танымастай өзгерді": Коронавирус жұқтырған дәрігер қарайып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус инфекциясын жұқтырған қытайлық дәрігерлердің түр-әлпеті өзгеріп жатыр. Уханьдағы орталық аурухананың мәліметіне қарағанда, төсекке таңылып жатқан қызметкерлерінің терісі кенеттен қарайып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Pear video және beijing satellite tv

Фото: Pear video және beijing satellite tv

Lenta.ru мәліметінше, дәрігерлер Ю Фан мен Ху Вейфен коронавирус инфекциясын қаңтар айында Ухань орталық ауруханасында науқастардан жұқтырған. Медициналық қызметкерлер тыныс алу апаратының көмегімен есін жиып, аурудан айықты.

Клиника мамандары "екі медицина қызметкерлерінің терісінің қараюы бауырдың зақымдануынан болды" деген пікірде. Вирус науқастардың бүкіл денесіне таралғаны белгілі болды.

"Ең алғаш өзімі келгенде, әсіресе жағдайымды білген уақытта қатты қорқып кеттім. Сол уақытта түнде тек жаман түстер көрдім", - деді дәрігерлердің бірі.

Соңғы деректер бойынша, елімізде қауіпті дертті жұқтырғандардың саны екі мыңнан асты. Оның он тоғызы көз жұмған.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарына коронавирус жағдайына байланысты кезекті мәрте телевизиялық үндеу жолдайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Адам танымастай өзгерді": Коронавирус жұқтырған дәрігер қарайып кетті