Выйти
RU

Трамп АҚШ-қа қоныс аударушыларға уақытша "қақпасын" жапты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дональд Трамп АҚШ аумағындағы иммиграцияға уақытша тыйым салынатыны туралы жарлық дайындап жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Трамп коронавирусқа байланысты АҚШ-қа қоныс аударуды тоқтатады

Фото: REUTERS / Leah Millis

АҚШ көшбасшысы бұл туралы баспасөз конференциясы кезінде айтты.

Оның сөзінше, 60 күннен кейін жарлық шарты қайта қаралып, тіпті шектеу уақыты ұзартылуы мүмкін. Бұл экономикалық жағдайға байланысты болмақ.

АҚШ-қа көшіп барып, сонда тұрақтағысы келгендердің, яғни жасыл карта бойынша қоныс аударуды қалағандардың барлығына шектеу қойылды.

Мұндай шешім қазіргі кездегі дағдарысқа байланысты жұмысқа тұра алмай жүрген жергілікті тұрғынды қорғау мақсатында қабылданған. Келісімшартқа қол қоюдың алдын ала белгіленген уақыты – 22 сәуір.

Еске сала кетсек, АҚШ тарихында алғаш рет барлық штаттарда "ірі апат" режимі жарияланған болатын.

Соңғы деректерге сәйкес, АҚШ-та коронавирус жұқтырудың 824 438 фактісі тіркелген. Оның 45 039-ы көз жұмды.

Айта кету керек, қара алтын нарығындағы әлемдік жағдайдың тұрақсыздығы жалғасып жатыр. Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні кешкісін Brent маркалы эталонды қоспа бағасы кезекті мәрте 2001 жылдың деңгейіне дейін құлдырады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Трамп АҚШ-қа қоныс аударушыларға уақытша "қақпасын" жапты