Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда криминалды полиция басшысы шулы видеодан кейін жұмыстан кетті

Опубликовано:

Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин блокпостан өтіп кеткен элиталы көліктер үшін қызметінен кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz: Facebook

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Алматы қаласында блокпост арқылы заңсыз өту фактісі бойынша төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 5 адам ұсталып, 10-нан 15 тәулікке дейін тұтқындау түріндегі әкімшілік жауапқа тартылған.

Барлық төрт қымбат көлік айып тұрағына қойылғаны белгілі болды.

Кортежге қатысқан тағы екі адамға іздеу салынған.

Осы ретте аталған фактіге жол берген және олардың жолын кесу шараларын қабылдамаған полиция қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды.

Қалалық криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин және патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Қуанышбаев жұмыстан шығарылған.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде бірнеше элиталық және қымбат көліктерден тұратын кортеждың видеосы тараған. Оның қатысушылары жол ережелері мен төтенше жағдайды елемей, бақылау-өткізу пунктінен өтіп кеткен.Бұның бәрін олар камераға түсіріп, содан кейін әлеуметтік желілерге жариялады.

Фото: КТК
Фото: КТК: UGC

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852186-almatyda-kriminaldy-policia-bassysy-suly-videodan-kejin-zmystan-ketti/

pixel