Выйти
RU

Ұлыбританияда коронавирусқа қарсы вакцина адамдарға сыналатын болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінде жасалған COVID-19 вакцинасы 23 сәуірден бастап адамдарға сынала бастайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Британияда қызық болып жатыр

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

"Мен клиникалық сынақтарды қаржыландыруға Оксфорд мамандарына 20 миллион фунт стерлинг бөліп беретінімізді хабарлаймын... және вакциналардың осы бейсенбіден бастап адамдарға сынала бастағанына қуаныштымын. Біз вакцинаны мүмкін болған жағдайда қолдана бастаймыз", - дейді Хэнкок.

Сондай-ақ, тағы 22,5 миллион фунт стерлинг Лондондағы Imperial College өткізіп жатқан вакциналардың клиникалық сынақтарына жұмсалады.

Айта кету керек, бүгінде Ұлыбританиядағы CОVID-19 диагнозынан көз жұмғандар саны 17 337 адамды құрап отыр. Коронавирусты елде жалпы 129 044 адам жұқтырған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстандық ғалымдар коронавирус инфекциясын емдеудің амалын тапқаны туралы жазған едік.

Cоңғы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 2025-ке жетті.

Еске салсақ, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылғанын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ұлыбританияда коронавирусқа қарсы вакцина адамдарға сыналатын болды