Выйти
RU

"Обал болды": Ақтөбеде 10 жылға сотталған лагерь тәрбиешісіне өнер жұлдыздары араша сұрады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде сот шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылған лагерь тәрбиешісіне өнер жұлдыздары араша сұрайды. Олар 23 жастағы Әліби Өтепберген жазықсыз айыпталды деген сеніммен желіде шу көтерді деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Обал болды": Ақтөбеде 10 жылға сотталған лагерь тәрбиешісіне өнер жұлдыздары араша сұрады

Фото: Instagram

Қазір 23 жастағы ақтөбелік азамат қатаң режимдегі абақтыда қамауда отыр.

Оған жасөспірімдерді азғындыққа итермеледі деген айып тағылған. Қылмыстық істе 4 жәбірленуші мен 2 куәгер бар. Тәрбиеші ҚР ҚК-нің 124-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылған.

Осы орайда, сот үкіміне келіспеген өнер адамдары желіні шулатып жатыр. Олардың арасында Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі де бар.

Әзілкештің жұбайы өзінің шәкірті болған сотталушыға кешірім берілуін сұрайды.

"Құрметті арызын қайтып алмаған ата-аналар, сіздерден басымды иіп тұрып өтінемін. Мәселеге бір жақты емес, жан-жақты қарап, саралап, ойға салып, арыздарыңызды қайтарып алсаңыздар екен деген аналық өтінішім бар...
Елімізде карантин болмағанда әрқайсыларыңызға барар едім, жеке-жеке өтінер едім",- дейді Мөлдір Мұқанова өзінің парақшасында.

Әнші Димаш Құдайбергеновтың анасы да Әлібиге әділдік іздегендермен бірге екенін білдірді.

"Обал болды жас балаға. Менің Димашжаныммен қатар екен",- дейді Светлана Айтбаева.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

"Обал болды": Ақтөбеде 10 жылға сотталған лагерь тәрбиешісіне өнер жұлдыздары араша сұрады

Фото: Жеке мұрағаттан

Әліби Өтепберген - Нұр-Сұлтан қаласындағы "Шабыт" университетінің студенті. Ол 2019 жылдың жазғы демалысында Ақтөбедегі балалар легеріне жұмысқа тұрған.

Лагерьге демалуға келген жеті жеткіншектің ата-анасы тәрбиешінің азғындық әрекеттерге барғанын, ұлдарының ұятты жерлерін ұстағанын айтып, полицияға шағымданған.

10 жылға абақтыға қамалған сотталушының туыстары үкім бір жақты шығарылған деген ойда.

"Әліби әділетсіздік құрбаны болды. Анасы 2015 жылы қайтыс болған. Әкесі, ағасының отбасымен тұрады. Ол жазғы демалысында бос жатпай ақша табу үшін балалар лагеріне жұмысқа тұрды. Онда бар-жоғы 5 күн жұмыс істеді. Тәртіп бұзған балаларға "дискотекаға бармайсыңдар" дегенге олар "тәлімгер қамайды, ұрады" дегендерді ойдан құрастырып, ата-аналарына телефон соққан. Барлығы балалардың фантазиясынан туып отыр. Әлібиге әділдік талап етеміз",- дейді сотталушының жақындары.
"Обал болды": Ақтөбеде 10 жылға сотталған лагерь тәрбиешісіне өнер жұлдыздары араша сұрады

Фото: Instagram

Әлібидің жақындары ел президентінен де араша сұрап, хат жолдаған. Бұл тарап қазір апелляцияға дайындалып жатыр. 10 жылға бас бостандығынан айырылған жігіттің жанашырлары біздің редакцияға да хат жолдап, көмек сұраған еді.

"Ұялы телефон балалардың күнде қолында болады. Сондай әрекет жасалған болса, қорлық көрген бала бірінші күні-ақ айтар еді. Алайда,тек би кешіне жіберілмеген күні, дәл сол сәтте ата-аналарына хабарласады. Бұл –нағыз бала фантазиясы.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

7 баланың ата-анасы Әлібидің үстінен арыз жазады. Бірақ, қылмыстық іс қозғалғанда ата-аналардың жартысы арыздарын қайтарып алады.

Тексеру нәтижесінде білім бөлімі мамандары "Ер балалармен ортақ тіл табыса алмады" деген қорытынды шығарады. Сот 26 наурыз күні жабық түрде өткен.

Сот ешбір дәлелсіз, тек балалардың сөзі мен ата-ана арыздары негізінде үкім шығарып отыр. Сот залында Әлібидің адвокаты оның кінәсіз екенін 100 пайыз дәлелдеген. Тіпті, лагерь төңірегіндегі видеокамералардың жазбаларын да айғақ ретінде көрсетіп, лагерь басшысының өзі жетекшіге араша түскен.
Барлық бұлтартпас айғақтарға қарамастан, сот кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге қатысты іс болғандықтан, бір жақты ғана қарап, Әлібиге 10 жылға бас бостандығынан айырылу жазасын тағайындап отыр. Оны ешқандай фактісіз, көзбен көрген іске емес, құлақпен естіген ақпаратқа сүйеніп, Сот ҚР ҚК 124-бабының 3-тармағы бойынша айыпты деп танып отыр",- деп күйінді олар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Обал болды": Ақтөбеде 10 жылға сотталған лагерь тәрбиешісіне өнер жұлдыздары араша сұрады