Выйти
RU

Ақмола облысындағы колонияның бірін күзеткен сарбаз өзіне қол салды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақмола облысы Степногорск қаласындағы колониялардың бірін күзеткен сарбаз өз-өзіне қол жұмсады. Марқұм әскерде отан алдындағы борышын өтеп жүрген болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл ақпаратты Степногорск қаласының әкімдігі растады.

Ведомсто мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін сағат 7.30 шамасында ЕЦ 166/18 колониясында орын алған.

Аймақта Ұлттың ұланның 3517 әскери бөлімі сарбаздары екі түрмені күзетеді. Олардың Степногорск қаласының маңындағы Заводская ауылында тұратыны айтылды.

Марқұм Қызылорда облысының тумасы болып шыққан. Ол әскерге өткен жылдың қараша айында келді.

Белгілі болғандай, бүгін таңертең нысанды күзетуге 19 жастағы сарбаз шыққан.

Жас жігіт түсініксіз себептермен Калашников автоматын шешіп, иегінің астына тақап, басынан атып жіберген. Марқұм алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта осы жағдайға байланысты жедел топ жұмыс істеуде. Сарбаздың өлімінің себебі нақтыланып жатыр.

Қайтыс болған жігіттің ата-анасына қайғылы жағдай туралы хабарды естірткен.

Еске сала кетейік, былтырғы желтоқсан айында Ақмола облысы Есіл қаласындағы қонақ үйдің қызметкерлері бөлмелердің бірінде асылып қалған қостанайлық әйелді тапқанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақмола облысындағы колонияның бірін күзеткен сарбаз өзіне қол салды