RU

"Үйімізден шығаршы": Карантиннен жалыққан Айгүл Мүкей жанайқайын жеткізді

Отандық танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей коронавирус пандемиясы салдарынан енгізілген карантин режимінен шаршағанын айтты. Шарасыздықтан ашынған белгілі журналист желі арқылы коронавирусқа жазба арнап, қауіпті індетке өз жанайқайын жеткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aigulmukei. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aigulmukei. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Айгүл Мүкей Instagram парақшасында коронавирустен халықты үйлеріне қамауды тоқтатып, далаға шығаруын өтінген.

" Қайырлы таң. Менің телефоным маған гүл шоғын сыйлағанда аса әдемі болып жүргенімді есім салды. Ал министр Біртанов кеше барлығымызға карантин мамыр айында да ұзартылуы мүмкін екенін жеткізді.
Біз мамырдың басында үйімізде боламыз деп ойладық. Жарайды. Коронавирус сенен өтініп сұраймын. Пәле, жіберші бізді, жоқ дегенде мамырдың ортасына қарай үйімізден шығаршы. Ойласам қатты ашуланамын" , - деп жазды тележүргізуші.

Айта кетейік, күні кеше денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі карантин мамыр айында да ұзартылуы мүмкін екенін айтты. Ол бұл кезең аса қауіпті болатынын жеткізді.

Оған қоса, алдағы күндері Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жағдайына қатысты тағы да үндеу жариялайтыны белгілі болды. Президент шектеу шараларының ұзартылуын хабардар ететін көрінеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1852210-jimizden-sygarsy-karantinnen-zalykkan-ajgl-mkej-zanajkajyn-zetkizdi.html