Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы орынбасары вирус жұқтырды: Елжан Біртанов та тест тапсырады

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп министрдің бұрынғы орынбасары Қамалжан Надыровтан коронавирус инфекциясы анықталғанына байланысты министрлік ғимаратындағылар мен онымен байланыста болғандардың барлығы COVID-19 анықтауға арналған тест тапсыратынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елжан Біртанов коронавирусқа тест тапсырады
Фото: NUR.KZ: Original
"Біздің министр де тест тапсырады. Тапсырғаннан кейін 6-8 сағаттан соң, диагностика өз нәтижесін береді, және біз барлығын құлағдар ететін боламыз. Өзіміз де мұны бақылауда ұстап отырмыз",– деді Ахметшәріп.

Біртановпен қоса, ғимаратта болған министрліктің барлық қызметкеріне коронавирусты анықтау үшін ПТР-диагностика өткізіледі.

Олардың қатарында департамент басшылығы, вице-министрлер, яғни соңғы күндері мемлекеттік орган ғимаратында болған барлық қызметкерлер бар.

Ресми өкілдің айтуынша, министрліктің 80% қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшірілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыровтан коронавирус инфекциясы анықталғанын жазған едік. Шенеуніктің сынамасы оң нәтиже көрсеткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852211-bryngy-orynbasary-virus-zktyrdy-elzan-birtanov-ta-test-tapsyrady/

pixel