Выйти
RU

Павлодарда "СОБР" қызметкері темекіге ақша сұрағаны үшін жазаланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Павлодар облысының бас полицейі қызметтен босату туралы бұйрыққа қол қойды. Онымен қоса, шұғыл әрекет ету арнайы тобы қызметкерінің тікелей басшысы да запасқа шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодарда шұғыл әрекет ету тобының қызметкері темекіге ақша сұрағаны үшін жазаланды

Видеодағы кадрлер

Аймақтағы Полиция департаменті басшысы Нұрлан Мәсімовтің айтуынша, темекі сатып алуға ақша сұраған полицей теріс уәж бойынша ішкі істер органынан қуылды.

Облыстың бас полицейі тиісті бұйрыққа қол қойылғанын және қызметкер өз куәлігін кері тапсырғанын айтты.

Қатардағы полицейден басқа оның бастығы да жазаланды. Тікелей басшы қызметінен айырылған, қазір ол запаста.

Взвод командирі мен өзге де басшылар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін, әлеуметтік желіде шетелдік азамат түсірген видео пайда болды. Онда блок-бекетте тұрған шұғыл әрекет ету тобының қызметкері көлік жүргізушісінен темекіге ақша қалдыруын сұрайды.

Бұл видеоға қатысты аймақтық ПД жылдам әрекет етті.

Қызметінен босатып қана қоймай, погонын шешуді талап етіп, оны видеоға түсіріп алған. Нәтижесінде жазбаны Instagram парақшасында жарилаған.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде бірнеше тәртіп сақшысының ер адамды күшпен ұстаған сәті тарады. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті пікір білдірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодарда "СОБР" қызметкері темекіге ақша сұрағаны үшін жазаланды