Выйти
RU

Аштыққа жалғасуы мүмкін: БҰҰ пандемияға байланысты маңызды ескерту жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бизли адамзат азық-түлік қауіпсіздігін сақтамаған жағдайда пандемияға байланысты жаппай ашаршылыққа кезігуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ centralasia.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Егер біз дайындалмасақ және қазір әрекет ете бастамасақ, онда біз бірнеше айдан кейін ауқымды аштыққа тап боламыз", - деді ол.

Бизли ашаршылықтан сақтану үшін бірқатар шара қолдануды ұсынып отыр. Ол жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылардың барлығынан гуманитарлық көмекке кедергісіз қол жеткізуге мүмкіндік беруді, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша гуманитарлық көмек жеткізілімдерінің қозғалысын қамтамасыз ететін логистикалық орталықтар желісін құруға 350 миллион доллар салуды сұрады.

"Ең алдымен бізге бейбітшілік қажет", - деп атап өтті бағдарлама басшысы.

Бизли сондай-ақ алдын алу жүйесін ерте қолға алу қажеттілігі туралы мәселені көтерді, қаржыландыру тапшылығын, саудадағы іркілістерді және аштықтағы халыққа қол жетімділікті жоғалтуды болдырмаудың маңыздылығын атап өтті.

"Уақыт біздің жақта, сондықтан жылдам әрі саналы түрде іске кірісейік",- деді Бизли.

Осыған дейін Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы мамандары 2020 жылдың соңында 130 миллионға жуық адам COVID-19 салдарынан ашығатынын айтқан болатын.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Ал белгілі астролог коронавирус тарауы қашан тоқтайтынын болжаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Аштыққа жалғасуы мүмкін: БҰҰ пандемияға байланысты маңызды ескерту жасады