Выйти
RU

Коронавирус жұқтырған Қамалжан Надыров кімдермен байланыста болған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі Қамалжан Надыровтың COVID-19 инфекциясын қайдан және кімнен жұқтырып алғанын анықтап жатыр. Бүгінде коронавирус сынамасы оң нәтиже көрсеткен шенеунікпен байланыста болған адамдар іздестірілуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қамалжан Надыров. Фото: Facebook

Қамалжан Надыров. Фото: Facebook

Қазақстандық денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп қазіргі таңда бұрынғы вице-министрмен байланыста болғандардың легі анықталып жатқанын хабарлады.

Олардың арасында оның жақын ортасындағы адамдар мен онымен байланысқан болуы мүмкін тұлғалар бар. Бұл шара Надыровтың коронавирусты кімнен жұқтырғанын білу үшін ғана емес, соңғы екі күнде онымен байланысып үлгергендерді анықтау мақсатында да іске асырылып жатыр.

Инфекцияның өте жоғары деңгейде байланысқа бейім әрі таралуы тез екені бәріне мәлім. Мұны кеше денсаулық сақтау министрі де айтып өткен болатын.

«Ол оңтүстік астанада дәрігерлермен тілдесу барысында немесе жолда жұқтырып алуы әбден мүмкін. Ол Алматыға келген бойда коронавирусқа тест тапсырды. Қазіргі таңда біз бәрін анықтап жатырмыз" , - деді Ахметшәріп.

Оған қоса, ол эпидемиологиялық тексеріс басталғанын мәлімдеді. Оның барысында жоғары лауазымды шенеуніктің қауіпті вирусты қайда және қалай жұқтырып алғаны анықталмақ.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Министрліктің ресми өкілі Қамалжан Надыров өзінің жаңа қызметіне кірісіп үлгермегенін хабарлады. Күні кеше оны Алматыдағы ҚДСБ басшысы болып тағайындаған болатын.

Алайда, одан коронавирус инфекциясы анықталғандықтан, ол Нұр-Сұлтандағы стационарда жатыр.

«Қазіргі таңда ол ауруханада тиісті ем қабылдап жатыр. Оның ауруы жеңіл формада өтуде" , - деді Диас Ахметшәріп.

Айта кетейік, бүгін Елжан Біртанов бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыровтың коронавирус жұқтырып алғанын хабарлаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус жұқтырған Қамалжан Надыров кімдермен байланыста болған