Выйти
RU

Алматыда коронавирус ошақтарының саны 212-ге жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда адам өмірі үшін қауіпті саналған ошақтардың саны 212-ге жетті. Сонымен қатар, 66 ғимараттан енгізілген шектеу шаралары алынып тасталды. Бұл шешім инкубациялық кезеңнің өтуіне байланысты қабылданған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бұл шешім оңтүстік астанадағы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде қабылданды. Төменде келтірілген аудандарда коронавирус жұқтырудың деректері анықталмаған.

NUR.KZ

NUR.KZ

NUR.KZ

NUR.KZ

NUR.KZ

NUR.KZ

NUR.KZ

NUR.KZ

NUR.KZ

NUR.KZ

NUR.KZ

NUR.KZ

NUR.KZ

NUR.KZ

Еске сала кетейік, Алматыда денсаулық сақтау басқармасында басшылық ауысуы керек болған. Департамент басшысы Тлеухан Әбілдаев коронавирус инфекциясының таралуына орай қалада орын алған жағдайдың ушығуына байланысты өз еркімен отставкаға кету жөнінде өтініш білдірген болатын.

Оның орнына күні кеше бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров тағайындалған еді.

Алайда, шенеуніктен кеше кешке COVID-19 вирусы анықталып, оны ауруханаға жатқызды. Қазіргі таңда, ол қажетті ем алып жатыр.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі Надыровтың коронавирусты қайдан, кімнен жіне қалай жұқтырғанын анықтау үшін эпидемиологиялық тексеріс бастағанын хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коронавирус ошақтарының саны 212-ге жетті