Выйти
RU

Супермаркет пен лифтіде коронавирус жұқтырып алу мүмкін бе

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Көптеген ғалымдар коронавирус пен оның жұғу жолдарын әлі де зерттеп жатыр. Мамандардың бірі инфекция жұқтыру қаупі қандай жағдайда жоғары болатынын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Супермаркет пен лифтіде коронавирус жұқтыру мүмкін бе

Көрнекі фото: NUR.KZ

Вирусология профессоры және Бонн университеті АИТВ саласындағы вирусология және зерттеулер институтының директоры Хендрик Стрик баспасөз конференциясын өткізіп, қоғамдық орындарда коронавирусты жұқтыру ықтималдығы қаншалықты жоғары екенін баяндады.

Маманның айтуынша, ол Германия аумағында орналасқан Хайнсберг қаласында, ауру өршіген мекенде жұмыс істеген. Қызметі барысында сарапшы бірқатар зерттеу өткізіп, түрлі қорытындылар жасаған.

Хендрик Стриктің сөзінше, қоғамдық орында жүрген адамда ауру жұқтыру қаупі науқаспен сөйлесуге қарағанда әлдеқайда төмен.

Мәселен адамдар көбіне кешкі жиындар мен жаппай іс-шараларда вирус жұқтырған. Ал дүкенге баруда немесе лифті мен есік тұтқаларына қол тигізуде инфекция жұқтыру екіталай, себебі оларда "тірі" вирустардың белгісі болмайды дейді маман.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінде жасалған COVID-19 вакцинасы 23 сәуірден бастап адамдарға сынала бастайтынын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Супермаркет пен лифтіде коронавирус жұқтырып алу мүмкін бе