Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандылық зейнеткер Қазақстанның коронавируспен күресін жоғары бағалады

Опубликовано:

Белгілі қоғам қайраткері әрі абайтанушы Бақытқали Мұсабеков елдегі коронавирус инфекциясын тоқтату мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты өз ойын айтты. Ол мемлекет басына берілген ауыр сынақта билік басындағылар, дәрігерлер мен полиция қызметкерлерінің үлесі орасан зор екенін атап өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов/asahi.com
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов/asahi.com: Twitter

Бақытқали Мұсабеков Қазақстанда қауіпті вирусты жұқтырғандардың саны өзге елдердегідей күрт өсіп, эпидемиялық жағдайдың өршіп кетпегені біріге жұмылған елдің қажырлы еңбегінің арқасы деп есептейді.

"Коронавирус індетімен күресте Қазақстанның атқарып жатқан істері көңілге жұбаныш беріп, сенім ұялатады. Адамның ең қымбат дүниесі ол өмірі екені баршамызға аян. Телеарнадан дүние жүзінде коранавирустың салдарынан жарты миллиарттан адамның індетті жұқтырғаны, 50 мыңнан астамының өлгені, тіпті мәйттерді қояттын жер таба алмай жатқандарын көргенде бойды үрей билейтінін айтпаса да болады.
Мен зейнеткермін қанша жасқа келсем де өмір сүргім келеді. Сан ғасыр аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізіп, енді соның дәмін татып жатқанда, әлі де тірі жүре тұрғым келеді. Және мына кесел басқа ауырудан бөлек, бір дегеннен үлкен кеңістікте көзді ашып-жұмғанша тарап кететіні қиын екен. Қазақстанда бұл індетке шалдыққандар екі мың адам болғаны, біздің басшылардың қажырлы еңбегінің жемісі деп білемін" , - деді зейнеткер.

Қоғам қайраткері елімізде коронавирустың алдын алу шаралары уақытылы іске асырылғанын айтып, бұл тұрғыда үкіметтің жұмысына жоғары бағасын берді. Оған қоса, ол бүгінде қауіпті індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлері мен күні-түні халық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген полицейлердің де еңбегі ерен екенін жеткізді.

"Бізді қуантатыны және үміт артып отырғанымыз, біздің елімізде бұл дерттің алдын алып жатқанқан іс шаралардың жүйелі жүргізілуі. Дәргерлеріміздің жасап жатқан ерлігіне бас иеміз. Бұрынғы Кеңес дәуірінің өзінде Қарағандының медицина институтын бітіргендер өте білімді болатын, сол үрдістің сақталғандығы болар.
Көшедегі тәртіп сақшыларының да қызметіне көңіл толады. Өте сыпай түрде қарым қатынас жасауда. Мен бұл күнде үйде отырсам да, интернет желісі арқылы конференция өткізіп, дәріс беруге әзірленіп жатырмын. Фейсбуктегі парақшамда сегіз қырлы бір сырлы азамат тәрбиелеудің жолдарына әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық деп үн қосудамын" , - Бақытқали Мұсабеков

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1852268-karagandylyk-zejnetker-kazakstanny-koronaviruspen-kresin-zogary-bagalady/

pixel