Выйти
RU

Жаңбырдың арты қарға ұласады: Алдағы күндері ауа райы қандай болмақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Қазгидромет" РМК өкілдері 23-25 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде арты қарға ұласатын жаңбыр күтіледі.

Кей жерлерде қатты жаңбыр, еліміздің солтүстік бөлігінде күшті, екпінді жел тұрады.

Мамандардың болжамынша, 23 сәуірде кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Кейін циклонның артынан суық антициклон ығысып, ол жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне алып келуі ықтимал.

Еске сала кетейік, жақында сәуірдің соңы мен мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатынбыз.

Соған сәйкес, көктемнің соңғы айында елдің оңтүстік-батыс жартысында күн жылы, жауын-шашын аз түседі. Ал солтүстік-шығыс бөлігінде, керісінше, күн салқын әрі жауын-шашын норма шамасында немесе одан көп болады деп күтілуде.

Сонымен қатар, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін барады.

"Ауа температурасының жоғарылауына байланысты тауларда қар ериді деп болжануда. Бұл Алматы облысында қар көшкінінің жүруіне әкеп соғуы мүмкін", – деп ескертті "Қазгидромет" РМК гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жаңбырдың арты қарға ұласады: Алдағы күндері ауа райы қандай болмақ