Выйти
RU

Ресейлік ару атышулы Бузоваға ұқсау үшін 17 миллионнан аса қаржы жұмсаған (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

TikTok желісінде Небузова лақап атымен танымал желі қолданушысы әнші әрі тележүргізуші Ольга Бузоваға ұқсау үшін үш миллион рубль (17 166 664,35 теңге) жұмсағанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ Starhit сайтына сілтеме жасап.

Ольга Бузова. Фото: cosmo.ru, кадр: @ne_buzova86. Коллаж KAZ.NUR.KZ

Ольга Бузова. Фото: cosmo.ru, кадр: @ne_buzova86. Коллаж KAZ.NUR.KZ

Ресей тұрғыны әншіге ұқсау үшін мұрын формасы мен бет контурын өзгерткен.

Небузованың тележүргізушіге ұқсастығы тек сыртқы келбетінен емес, өз әрекеттерінен де байқалады.

Мәселен, ол өнер иесінің өз оқырмандарымен сөйлесу стилін қайталауға тырысады.

Көпшілік блогерді мақтап, оның әрекеттеріне қолдау білдірген. Ал кейбір қолданушылар қанша ота жасаса да, Tik Tok жұлдызы Бузоваға ұқсамайтынын айтып әлек.

Бірқатары бойжеткеннің өз ерекшелігі жоқ екенін байқап, оны кумирінің көшірмесі ретінде бағалап жатыр.

Айта кетейік, 14 ақпан күні ресейлік танымал әнші Ольга Бузова Брянскіде жеке концертін өткізді. Кеш барысында тыңдармандар өнер иесінің көңілін қалдырып қойды. Яғни Бузова сахнадан көрермендерге құлаған сәтте оны ешкім ұстап қалмаған.

Әнші табынушыларынан мұндай әсер күтпесе керек. Ол ауыр жарақат алмаса да, бет әрлеу бөлмесіне жетуге екі азамат көмектескен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейлік ару атышулы Бузоваға ұқсау үшін 17 миллионнан аса қаржы жұмсаған (фото)