Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Кореяда төбелес кезінде Қазақстанның 19 азаматы ұсталды

Опубликовано:

Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтардың қатысуымен жанжал болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілер мен мессенжерлерде тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар видеодан алынды
Кадрлар видеодан алынды: Facebook

Кадрларда бірнеше адамның көше қиылысында көліктерінен шығып, дауласып тұрғандары көрінеді. Кейіннен даудың арты төбелеске ұласқанын байқауға болады.

Бейнероликтің жазбасында қазақстандықтардың 18 сәуір күні жанжал шығарғаны айтылды. Олардың барлығының еңбек мигранттары екені жазылған.

Бұл ақпаратты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі де растап отыр. Ведомствода аталған факті бойынша 19 қазақстандықтың ұсталғанын мәлім етті.

"Оқиға нәтижесінде жергілікті полиция Қазақстан Республикасының 19 азаматын ұстады.
Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігінің консулдық бөлімі оқиғаның мән-жайын анықтауда. Біздің дипломаттар бұл мәселені бақылауда ұстауда және жергілікті полиция мен миграциялық қызметпен байланыста", – деп хабарлады СІМ.

Еске сала кетсек, жақында тағы бір қазақстандық азамат Оңтүстік Корея бұқаралық ақпарат құралдарының назарын өзіне аударған еді.

Елде заңсыз тұрып жатқан отандасымыз 10 адамды жанып жатқан ғимараттан құтқарған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1852303-otstik-koreada-tbeles-kezinde-kazakstanny-19-azamaty-staldy/

pixel