Выйти
RU

57 жыл отасқан ерлі-зайыпты бір күнде коронавирустан көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шотландияның Данфермлин қаласында отасқандарына 57 жыл толған ерлі-зайыпты бір күнде коронавирус инфекциясынан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Уильям Шапр және әйелі Морин. Фото: Yvonne Sharp

Уильям Шапр және әйелі Морин. Фото: Yvonne Sharp

Бұрын шахтер болып жұмыс істеген Уильям Шапр әйелі Моринмен 1963 жылы шаңырақ көтерген.

Жаңа жылда олар отасқандарына 57 жыл толған мерейтойларын атап өткен. Қартайған шақтарында екеуі де созылмалы өкпе ауруларымен ауырған. Уильямда қатерлі ісік, ал Моринда созылмалы обструктивті өкпе ауруының жеңіл түрі болған.

Сәуірдің басында Уильямның денсаулығы нашарлап, өкпе инфекциясына күдік болған. Бірнеше күннен кейін ұқсас ауру белгілері оның жұбайында да пайда болады. 5 сәуірде олар ауруханаға түсіп, екеуінен де коронавирус инфекциясы анықталған.

Бұл жағдайдан соң үш күннен кейін Морин көз жұмды. Ал содан бір тәулікке жетпес уақыт өткен соң Уильям да қайтыс болады. Екеуінің де жасы 74-те еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін 56 жыл бойы некеде болған британиялық ерлі-зайыптының коронавирустан бір күнде жазылып шыққандарын хабарлаған едік.

Қазіргі уақытта 77 жастағы Сидни Мур және оның 76 жастағы жұбайы Джин үйлерінде оқшауланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
57 жыл отасқан ерлі-зайыпты бір күнде коронавирустан көз жұмды