Выйти
RU

Коронавирус жұқтырған бұрынғы вице-министр халыққа үндеу жолдады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус инфекциясын жұқтырған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Ол Нұр-Сұлтандағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қамалжан Надыров. Фото: Алматы әкімдігі

Қамалжан Надыров. Фото: Алматы әкімдігі

Надыров өзінің ауруы жеңіл формада өтіп жатқанымен, коронавирустың зұлым екенін ескертеді.

Айтуынша, өзі өңірлерге жиі барып, әріптестерімен байланыста болған, үнемі вирусқа тест тапсырып жүрген, алайда барлығы теріс нәтиже көрсеткен. Тек соңғысында ғана инфекция анықталған.

Бұл коронавирустың ұзақ уақыт бойы ауру белгілерінсіз өту мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан да оны анықтау оңайға соқпайды.

Бұрынғы шенеунік Нұр-Сұлтан стационарындағы дәрігерлерге ерекше алғысын білдіріп, оларды батыр деп атады. Айтуынша, олар коронавируспен күресуде әбден машықтанып алған.

Қазір экс-вице-министр өзінің жаңа лауазымы – Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін қашықтықтан атқаруға ниетті. Кеше ол мықты маман ретінде оңтүстік астанаға ауыстырылған болатын. Алайда, инфекция жұқтыруына байланысты Алматыға келе алмады.

"Вирус біз ойлағаннан да зұлым", – деп жазды Надыров.

Ол қазақстандықтарды оқшаулау мен сақтық шараларын сақтауға шақырды. Себебі өзінің басынан өткендей, вирустың белгілері байқалмауы мүмкін екенін жеткізді.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі болған Қамалжан Надыровтан COVID-19 инфекциясы анықталып, ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп инфекция жұқтырған бұрынғы шенеуніктің хал-жағдайын айтып берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус жұқтырған бұрынғы вице-министр халыққа үндеу жолдады