Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қауіпті вирустан жазылғандар саны 515-ке жетті

Опубликовано:

Қазақстанда тағы 10 адам COVID-19 вирусын жеңіп шықты. Бүгінгі күнге дейін отандық ақ халаттылар коронавирус инфекциясынан 515 адамды емдеп жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елімізде коронавирустан 10 адам жазылды
Фото: pixabay.com: UGC

Емделіп жазылған азаматтар елдің бірнеше аймағының тұрғындары екен. соңғы деректерге сүйенсек, Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Жамбыл облысында – 7, Түркістан облысында 2 науқас ауруынан айығып шыққан.

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырудың жалпы алғанда 2070 фактісі тіркеліп отыр. Жұқпалы дерттен 19 отандасымыз көз жұмды.

Еске сала кетсек, бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров әлеуметтік желіде жазба қалдырғанын хабарлаған болатынбыз. Ол Нұр-Сұлтандағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр.

Айта кету керек, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп министрдің бұрынғы орынбасары Қамалжан Надыровтан коронавирус инфекциясы анықталғанына байланысты министрлік ғимаратындағылар мен онымен байланыста болғандардың барлығы COVID-19 анықтауға арналған тест тапсыратынын мәлімдегені жайлы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852345-elimizde-kauipti-virustan-zazylgandar-sany-515-ke-zetti/

pixel