Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда жас қыз көпірден секірмекші болды: Полицейлер ұстап үлгерді (видео)

Опубликовано:

Қарағандыда жас қыз өз өмірін қиюға талпынып, "жоспарын" жүзеге асыра алмады. Полицейлер дер кезінде оны аман алып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қарағандыда жас қыз көпірден секірмекші болды (видео)
Видеодағы кадрлар: Polisia.kz: Depositphotos

Қарағанды тұрғыны көпірден секірмекші болған. Оқиға 21 сәуір күні орын алды.

Тәртіп сақшылары аумақты торуылдап жүргенде инкассаторлық көлік жүргізушісі келіп, бір қыздың көпірден секіргелі жатқанын баяндайды.

Жүргізушінің айтуынша, бойжеткен көпір таянышынан әрі өтіп үлгерген.

Полицейлер сол көпірге бет алып, жылдам жетеді.

Полицей көлігін көрген қыз ешқандай кері әрекет етпеген. Ол таяныштан ұстап, секіруді жоспарлаған күйі тұра беріпті. Тәртіп сақшылары онымен сөйлесіп, байланыс орнатпақшы болған.

Елубай Насурллаев қыздың есімін сұрап, мұндай әрекетке не итермелегенін де біліп алғысы келеді.

Алайда жас қыз ешкіммен сөйлескісі келмепті.

"Жақындамаңыздар! Мен қазір секіремін!",– деп айқайға басқан ол.

Құтқару операциясына қатысқан тағы бір полицей Аман Әбділдә айла-тәсілмен әрекет еткендерін айтты. Насурллаев қызды алаңдатып тұрғанда Әбділдә ақырын қызға жақындай беріпті.

Тәртіп сашысының айтуынша, қызға тап берген кезде ол қолын таяныштан жіберіп үлгерген, сөйтіп оны құлап бара жатқан жерінен аман алып қалған. Қос полицей қызды қауіпсіз жерге шығарған.

Секірмекші болған ару жасынан басқа өзі жайлы еш дерек айтпапты. Қалған уақыттың бәрінде өкіріп жылауын тоқтата алмаған.

Құтқарылған қыз ақ халаттылардың қарауына тапсырылды.

Полицейлер қызды аман алып қалған сәт түсірілген видеоны жариялаған. Онда тәртіп сақшысы қызды соңғы сәттерде ұстап үлгергені анық көрінеді.

Еске сала кетсек, таныс жағдай Орал қаласында орын алған болатын. Әйел көпірден көлге секіріп кетіп, полиция қызметкерлері оны судан шығарып, аман алып қалған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852351-karagandyda-zas-kyz-kpirden-sekirmeksi-boldy-policejler-stap-lgerdi-video/

pixel