Выйти
RU

"Салғырт қараймыз": Тоқаев күллі адамзатты бірігуге шақырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі жаңа коронавирус пандемиясы адамзаттың қоршаған ортаға қаншалықты ұқыпсыз және жауапсыздықпен қарайтынын көрсеткені туралы жазба жариялады деп хабарлайд KAZ.NUR.KZ.

То0аеы

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті бұл туралы өзінің Тwitter парақшасында жазды.

"Халықаралық Жер күні, біз - адамдар - планетамызды қоршаған ортаның ластануынан сақтау үшін бірігуіміз керек.
COVID-19 инфекциясы біздің табиғатқа қаншалықты салғырт және жауапсыздықпен қарайтынымызды көрсетті. Өзіміздің ұрпақтарымыз үшін әлемді таза және қауіпсіз күйде сақтайық", - деп жазды мемлекет басшысы.

Айта кетерлігі, Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш жазбасын ағылшын тілінде жазған.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылған.

Келесі аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус жағдайына қатысты кезекті телевизиялық үндеуін жариялайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Салғырт қараймыз": Тоқаев күллі адамзатты бірігуге шақырды