Выйти
RU

Теңіз кенішінен 3000-ға жуық адам шығарылды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің батыс өңірінде Теңіз кенішінен "Теңізшевройл" ЖШС және өзге де мердігер компаниялардың жұмысшыларын уақытша шығару жалғасып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақ Жайыққа сілтеме жасап.

Теңіз кенішінен 3000-ға жуық адам шығарылды

Видеодағы кадрлар: Ақ Жайық

Жалпы кеніштен 17 мың адам шығарылады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде 7 мыңнан астамы Атырау облысының тұрғындары көрінеді.

16 сәуірден бастап Теңіз кенішінен 3 мыңға жуық жұмысшы шықты. Олардың басым бөлігі атыраулықтар екен.

Жұмысшылардың барлығы кеніш аумағынан шықпастан бұрын COVID-19 инфекциясына міндетті сынама тапсырды.

Қазір ТШО компаниясы жұмысшыларды тұрақты мекенжайына жеткенге дейінгі барлық жол шығындарын өз есебінен жүзеге асырып отыр. Ол үшін компания тарапынан автобус, әуе және теміржол көліктері бөлінген.

ТШО-ның хабарлауынша, кен орнынан өндіріске тікелей қатысы жоқ жұмысшылар ғана шығарылуда. Қазір ол жердегі өндірістік қызмет қалыпты режимде жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, Теңіз кенішінің жұмысшысынан коронавирус анықталған болатын. Теңіздегі" тұрғын үй блогының маңында жиылған бір топ адам наразылық білдірді. Компанияның баспасөз қызметі бұл жағдайға байланысты пікір білдірген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Теңіз кенішінен 3000-ға жуық адам шығарылды (видео)