Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңа өршу болуы мүмкін": ДДСҰ басшысы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус індеті жуырда тоқтайды деп үміттенудің қажеті жоқ екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Әлі болады
Фото: 1tv.ge: UGC

Твиттердегі микроблогта ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Батыс Еуропадағы індет бәсеңдеп не жағдайдың тұрақтана бастағанын атап өтті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аурудың қарқыны қатты күтілген Африка, Орталық және Оңтүстік Америка мен Шығыс Еуропада өзгеше жағдай байқалады.

Гебрейесустің айтуынша, "көптеген елдер әлі де өз эпидемиясының алғашқы сатысында".

Оның пікірінше, бірқатар мемлекеттерде карантин және физикалық қашықтықтың өзге де шаралары вирустың таралуын бәсеңдетуге көмектескен: "Дегенмен ол өте қауіпті болып қала бермек"

"Қолда бар деректер әлем халқының көп бөлігінің сезімтал болып қалатынын көрсетеді. Бұл жаңа өршу болуы мүмкін дегенді білдіреді", - деп толықтырды Тедрос.

Еске сала кетейік, COVID-19 коронавирус инфекциясының өршуі Қытайдың Ухань қаласында 2019 жылдың желтоқсан айында басталды. Ал 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп ресми түрде жариялады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852370-zaa-rsu-boluy-mmkin-dds-bassysy-mlimdeme-zasady/

pixel