Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда коронавируспен ауырғандардың 93 пайыздан астамы жазылып шықты

Опубликовано:

Қытайда сырттан келген және жергілікті пациенттердің саны күн санап азайып келеді. Елдің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметінше, қазіргі уақытта ауруханалардағы науқастар саны мыңнан төмен, вирус жұқтырғандардың 93,2 пайызы жазылған, 5,59 пайызы көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: Getty images
Фото: Getty images: Getty Images

Соңғы деректерге сәйкес, жалпы аспан асты елінде коронавирус жұқтырған 82 798 адам тіркелген, олардың 77 207-сі аурудан жазылып шыққан.

Бұл жалпы науқастардың 93,2 пайызын құрап отыр.

Жалпы, эпидемия басталғалы бері Хубэй провинциясын есепке алмағанда, Қытай бойынша коронавирус жұқтырудың 14 670 дерегі тіркелген.

Олардың ішінен 120 адам қайтыс болған. Өлім-жітім көрсеткіші 0,81 пайызды құраған.

Ал эпидемия ошағы – Хубэй провинциясында вирус жұқтырудың 68 128 дерегі расталған. 4512 науқас көз жұмып, өлім-жітім көрсеткіші 6,62 пайызға жеткен.

Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында өлім-жітім көрсеткіші 7,68 пайыз болған.

Жалпы, Қытай бойынша эпидемия 4632 адамның өмірін қиған, елде өлім-жітім көрсеткіші орта есеппен 5,59 пайызды құрады.

Айта кетейік, Қазақстанда қауіпті вирустан 515 науқас жазылып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1852385-kytajda-koronaviruspen-auyrgandardy-93-pajyzdan-astamy-zazylyp-sykty/

pixel