Выйти
RU

"Рамзан Кадыровтан үлгі алды": Емельяненко шашын тықырлап алып тастады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік аралас жекпе жек шебері Александр Емельяненко Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтан "үлгі алып", шашын тықырлап алып тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр/Instagram/alexemelyanenko

Видеодан кадр/Instagram/alexemelyanenko

Белгілі спортшы шашын алған сәтін Instagram желісіндегі парақшасында жариялап, "Барлық шаштараздар жабық, десе де, әдемі жүру керек. Сондықтан шашымды тықырлап алу туралы шешімге келдім", - деді ол.

Айта кетейік, 3 сәуір күні Емельяненко Мәскеу қаласында ACA 107 турнирінде Исмаиловке қарсы жекпе-жекке шығуы керек болатын.

Алайда кездесу коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды. Қос спортшының арасындағы жекпе-жек жарысты ұйымдастырушылардың пікірінше, 24 маусым күні өтуі мүмкін.

Еске сала кетсек, Шешенстан азаматтары ел басшысы Рамзан Кадыровтан сұлулық салоны мен шаштараз жұмысын жалғастыруды өтінген.

Бұған жауап ретінде ол шашын тықырлап алып, отандастарына да осылай жасауға кеңес берген.

Айта кетейік, коронавирусқа байланысты карантин кезінде біздің елде де шашын тықырлап алып жатқан танымал адамдар жетерлік. Олардың қатарында шоу-бизнес өкілдері де бар.

Дегенмен шашты тықырлап алудың өзіндік зияны да бар болып шықты.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Рамзан Кадыровтан үлгі алды": Емельяненко шашын тықырлап алып тастады (видео)