Выйти
RU

78 адамға вирус жұқтырған қытайлық бүтін бір қаланың жабылуына себепкер болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайдың Хэйлунцзян провинциясы Харбин қаласында дәрігерлердің салғырттығынан бір пациент 78 адамға коронавирус жұқтырған. Соның салдарынан жергілікті билікке қаланы жабуға тура келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: РИА Новости / The Central Hospital of Wuhan

Фото: РИА Новости / The Central Hospital of Wuhan

87 жастағы Чэнь өзін жайсыз сезінгендіктен дәрігерлерге жүгінген. Ол қаладағы екінші ауруханаға жатқызылған, 2-6 сәуір аралығында дене қызуы жоғары болған.

Алайда, дәрігерлер белгісіз себептермен оны коронавирусқа тексермепті. Ер адам ұзақ уақыт төсекте жатқандықтан өзінде гипостатикалық пневмония барына сенімді болған.

6 сәуірде ол арнайы қорғаныс құралдарынсыз Харбин медициналық университетінің ауруханасына ауыстырылған. Ер адамды ол жерде де коронавирусқа тексермеген, сегіз адамдық қарапайым палатаға жатқызған.

Нәтижесінде Чэнь тікелей және жанама түрде 78 адамға, оның ішінде басқа пациенттер мен дәрігерлерге инфекция жұқтырған.

Бұл жайттан кейін тергеу жүргізіліп, 18 лауазымды тұлға, оның ішінде Харбин мэрінің орынбасары Чэнь Юаньфэй тәртіптік жауапкершілікке тартылған және қалада жаңа шектеу шаралары енгізілген.

Оған сәйкес шаһарға тек тіркеуде тұрған адамдар ғана кіре алады, тұрғындарға көшеге маскасыз шығуға тыйым салынған.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Қытайда коронавирусқа шалдыққан науқастардың 93 пайыздан астамы жазылып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
78 адамға вирус жұқтырған қытайлық бүтін бір қаланың жабылуына себепкер болды