Выйти
RU

ШҚО-да 18 жастағы жігіт бір аптадан бері табылмай жатыр (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Данил Гавриленкодан бір аптадан бері хабар жоқ. 18 жастағы жігітпен туыстары әлі байланыса алмай отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ШҚО-да із-түзсіз жоғалған 18 жастағы жігіт бір аптадан астам уақыт іздеуде жүр

Фото: Фото: instagram.com/volontery_semey_lider.kz

Данил 15 сәуір күні үйінен шығып кеткен. Осыдан кейін онымен байланыс үзілген.

YK-news.kz-тің мәліметінше, жас жігіттің үйі Бұқтырма су қоймасының жағасында.

Хабарсыз кеткеннен кейін, келесі күні құтқарушылар Данилды іздестіре бастайды. Мамандар итпен бірге жергілікті жерді, тастанды шахтаны аралап шыққанымен әзірге ешқандай жоқ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде атап өткендей, олар екі күн бойы аумақты тікұшақтың көмегімен жоғарыдан қарап шыққан.

20 сәуірден бастап жасақ екі топқа бөлінген. Жас жігітті іздестіру жұмыстары құрлықта да, суда да жүргізілуде және әлі күнге дейін жалғасуда.

Еріктілердің мәліметінше, жоғалған күні Данилдың үстінде көк күртеше, сұр жемпір және сұр бас киім болған.

Данил Гавриленко жайлы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, 102 сондай-ақ 87473495717, 87751850898 телефондарына хабарласуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 18 сәуірден бастап Шығыс Қазақстан облысында карантин жарияланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ШҚО-да 18 жастағы жігіт бір аптадан бері табылмай жатыр (фото)