Выйти
RU

"Мен де алдандым": Ұтыс ұйымдастырып дауға қалған Жолдыбаева ел алдында ақталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Кәмшат Жолдыбаева ұтыс ойнатпақ болып, үлкен дауға тап болды. Танымал әншіге сеніп, гивке қатысуды шешкен көпшілік енді бүгінде қаражатын қайтара алмай жүр. Өнер иесі ұтыс ұйымдастырушылары халықпен қоса, өзін де алдап кеткенін ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Кәмшат Жолдыбаева аталмыш гивті ұйымдастырған адамдарды тіпті көрмеген болып шықты. Олармен ұялы байланыс арқылы әншінің директоры сөйлесіпті. Келіссөздерді де сол адам жүргізген.

Эстрада жұлдызы ұтыс ойнатушылар өзінің сеніміне кіріп, артынан қятқа қалдырғанын айтты. Сонымен қатар, өнер иесі өзіне берілуге тиісті болған бір миллион теңге қаражатты да алмаған. Ол халықпен қоса, өзі де алданып қалғанын айтады.

"Жетінші наурыз күні Назерке деген қыз хабарласқан болатын. Тікелей маған емес. Менің қызметтік телефоныма, ол жерде директорым жауап береді. Олар келісіп, гив өз уақытында басталған болатын. Бұл гивтен мен ешқандай қаражат тапқан жоқпын. Мен ұйымдастырушылардың ешқайсысын танымаймын. Мені олармен ештене байланыстырған жоқ. Мен олармен жеке сөйлескен жоқпын, келісімшартқа отырған жоқпын.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Жасыратыны жоқ. Гив деген бизнес. Бірақ, мен ұйымдастырушылармен жеке операциялар жүргізгем жоқ. Олар келіп, қалтама ақша салған жоқ, шотыма ақша жіберген жоқ. Мен келісілгендей, өзім тарапымнан жауапкершілікті орындадым. Бірақ, соған қаражат түбінде алмадым. Ал кім қалай келісті? Кім кімге қарыз? екенінен мен бейхабармын. Мен оның барлығын гив басталғаннан кейін, төрт күннен соң білдім. Телефонға түрлі шағымдар түсіп жатты.

Сол кезде үлкен шикілік барын сездім. Маған ұтыс өткізгенім үшін бір миллион теңге беру керек болған. Бірақ, оны алмадым. Мен де алдандым. Гивтен бес адам жеңіп шықты. Кейіннен демеушілер бізге жеңімпаздар ішінде ұйымдастырушылардың бірінің аты жүргенін жеткізді. Сол кезде де үлкен бүлік пен өтірік кетті. Олар толықтай сенімге кірді" , - деп жағдайды баяндады Кәмшат.

Әншінің сөзінше, ол істің тез арада шешілуі үшін полицияға шағым түсірген. Сол себепті, өнер иесі алданып қалған адамдарға да істі тәртіп сақшыларына сеніп тапсыруңа кеңес берді.

Айта кетейік, бұған дейін ұтыс ойнатпақ болған Кәмшат Жолдыбаеваны жұрт желіде балағаттап тастаған болатын.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Мен де алдандым": Ұтыс ұйымдастырып дауға қалған Жолдыбаева ел алдында ақталды