Выйти
RU

UFC тарихындағы ең табысты спортшының есімі белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор UFC тарихындағы табысы ең жоғары спортшылар тізімінде көш бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Конор Макгрегор. Фото: Getty Images

Конор Макгрегор. Фото: Getty Images

The Sun басылымының мәліметінше, Макгрегор әлемнің ең беделді турнирінде өткізген жекпе-жектері үшін 12 миллион доллар алған.

Екінші орында – ауыр салмақтағы голландиялық Алистар Оверим. Оның табысы 8,7 миллион долларды құрады. Табысы ең жоғары спортшылар үштігін жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагамедов түйіндейді.

Басылым аралас жекпе-жек шеберлерінің гонорарларын ұсынғанда pay-per-view төлемдерін есепке алған жоқ.

Бір қызығы, UFC-дің үздік спортшылар рейтингінде көш бастап тұрған жартылай ауыр салмақтағы чемпион – америкалық Джон Джонс бұл тізімде жетінші орынға жайғасқан.

Ол аталған чемпионаттағы жекпе-жектері үшін 6,48 миллион доллар алыпты.

Конор Макгрегор – екі салмақ санатынағы бұрынғы UFC чемпионы. Forbes-тің мәліметінше, ирландиялық спортшы 2019 жылы 45 миллион доллар табыс тапқан.

Еске сала кетейік, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагамедовтің әкесі Макгрегормен реванш өткізу үшін 100 млн доллар сұраған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
UFC тарихындағы ең табысты спортшының есімі белгілі болды