RU

"Карантинде жұмыс істеген": Ақтауда екі жезөкше коронавирус жұқтырды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтауда полицейлердің заңсыз әрекетін әшкереледі. Олар тәртіп сақшылары бір топ жезөкшелердің заңсыз әрекетін "жасырған" деп болжайды. Ең сорақысы, жеңіл жүрісті қыздардың екеуі коронавирус инфекциясын жұқтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: Алматы қаласының полиция департаменті
Көрнекі фото: Алматы қаласының полиция департаменті: UGC

Агенттік прокуратурамен бірге Ақтау қаласында карантин кезінде "жұмыс істеуді" жалғастырған жезөкшелер ордасының заңсыз әрекетініне полицияның "қамқорлық" жасағанын анықтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тәртіп сақшылары коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың жезөкшелікпен айналысатын шетел азаматшаларымен байланыста болғаны туралы ақпаратты жасырып қалған деп болжайды.

Ведомсто полиция осы туралы мәліметті "құпияда ұстады" деп мәлімдеді.

Қазіргі уақытта жезөкшелер ордасында жұмыс істейтіндерді қоса алғанда, 87 адам карантинге алынып, оқшауланған. Олардың ішінде екі шетел азаматынан коронавирус инфекциясы анықталды.

Еске сала кетсек, соңғы деректер бойынша елімізде қауіпті дертті жұқтырғандардың саны 2207-ге жетті. Оның он тоғызы Маңғыстау облысында тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1852440-karantinde-zmys-istegen-aktauda-eki-zezkse-koronavirus-zktyrdy.html