Выйти
RU

Гарет Бэйл өзі өмірге келген ауруханаға коронавируспен күресу үшін қомақты қаржы бөлді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Уэльс ұлттық құрамасы мен испаниялық "Реал Мадрид" футбол клубының шабуылшысы Гарет Бэйл Кардифф ауруханасына коронавируспен күресу үшін 500 мың фунт стерлинг (571 мың еуро) бөлді. 1989 жылғы 16 шілдеде футболшы дәл осы медициналық мекемеде өмірге келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Гарет Бэйл. Фото: РИА Новости / Владимир Песня

Гарет Бэйл. Фото: РИА Новости / Владимир Песня

Goal басылымының ақпарынша, Кардифф ауруханасының Twitter парақшасында Гарет Бэйлдың ақ халаттыларға алғыс айтқан видеосы жарияланды.

"Қазіргі дағдарыс кезіндегі орасан еңбектері үшін ұлттық денсаулық сақтау қызметіндегі әрбір адамға алғыс білдіргім келеді. Менің жүрегімде бұл аурухананың орны бөлек. Мен осында өмірге келдім. Отбасымызбен бірге оларды қолдағымыз келді. Сіздер игі іспен айналысып жатсыздар", – деп ризашылығын білдірді Бэйл.

Бұдан бөлек, футболшының өзі доп тебетін Мадрид қаласындағы клиникаларға да вируспен күресу үшін 500 мың фунт стерлинг бөлгені белгілі болды.

Айта кетейік, шабуылшының отаны Уэльсте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 8 мыңнан аса дерегі тіркеліп, 624 науқас көз жұмған.

Бұған дейін Швеция ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, қазіргі уақытта италиялық "Милан" клубының шабуылшысы Златан Ибрагимовичтің те коронавируспен күресу үшін 100 мың еуро бөлгенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Гарет Бэйл өзі өмірге келген ауруханаға коронавируспен күресу үшін қомақты қаржы бөлді