Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан коронавируспен ауырудың шарықтау шегіне жетті

Опубликовано:

Бүгін Қырғызстанның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нұрболот Үсенбаев баспасөз мәслихаты кезінде қырғыз елі коронавируспен ауырудың шарықтау шегіне жеткенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасы коронавируспен ауырудың шекті көрсеткішіне жетті
Фото: piqsels.com: UGC
"Бүгін ауру жұқтырған 38 адам ауруханадан шығарылады және 19 жаңа жағдай тіркелді. Бұл сандар арасындағы айырмашылық жақсы көрсеткішті меңзейді. Маман ретінде коронавируспен ауырудың шекті деңгейіне жеткенімізді болжап отырмын", – дейді министрдің орынбасары.

Айта кетейік, жалпы қырғыз елінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған адам саны 631-ге жетіп отыр. Оның 162-сі медицина қызметкері мен 12-сі құқық қорғау органдарының қызметкері.

Елде вирустан 8 адам көз жұмса, 302-сі оны жеңіп шыққан.

Алдын ала дерек бойынша 9 мыңға жуық адам науқастармен байланыста болған.

Коронавирустың таралуына байланысты елде төтенше жағдай режимі енгізілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков үкіметтің екі мүшесін, атап айтқанда вице-премьер Алтынай Өмірбекова мен Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Космосбек Чолпонбаевты қызметінен босатқаны жайлы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852453-kyrgyzstan-koronaviruspen-auyrudy-saryktau-segine-zetti/

pixel