Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ-ға өзгеріс енгізілді ме: Тестілеу орталығының директоры мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Ұлттық тестілеу орталығының Дидар Смағұлов ҰБТ кезінде мектеп түлектеріне 11-сыныптың төртінші тоқсанында оқытылатын бағдарламадан сұрақ келмейтінін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Еуразия бірінші арнасында ата-аналар қашықтан оқу форматына көшкен балалары ҰБТ-ға нашар дайындалады деп уайымдарын айтқан болатын.

Осыған байланысты тестілеу орталығы пікір білдірді. Олар қашықтан оқыту оқушылардың тестке дайындалуына кедергі келтірмейтінін мәлімдеді.

Орталық басшысы Дидар Смағұловтың сөзінше, оқушыларға төртінші тоқсан бағдарламасынан сұрақтар берілмейді.

"5-сыныптан бастап 11-сыныптың үш тоқсанына дейінгі аралықта сұрақ қойылады. ҰБТ-ны өткізуде бұрынғы формат сақталады, алайда біз қосымша санитарлық шектеу шараларын енгіземіз", - деді ол.

Сонымен қатар тест тапсырушылар арасындағы қашықтық екі метрге дейін ұлғаяды. Жергілікті жерлерде барлық оқушының дене қызуы тексеріледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін білім министрі оқу жылын шілдеге дейін ұзартудың неліктен мүмкін емес екенін түсіндірген болатын.

Одан бөлек, Асхат Аймағамбетов оқу ордаларының басшыларына мұғалімдерден қашықтан оқыту кезінде фото және видео түріндегі есепті талап етпеуді тапсырған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852461-bt-ga-zgeris-engizildi-me-testileu-ortalygyny-direktory-mlimdeme-zasady/

pixel