Выйти
RU

Алматыда коронавирустан қайтыс болған науқас туралы деректер шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан көз жұмған 20 науқас адам тіркелді. Кезекті қайғылы жағдай Алматы қаласында бүгін орын алды. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы марқұм туралы тың ақпаратпен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Марқұм 1964 жылы өмірге келген. Одан коронавирус инфекциясы 17 сәуірде анықталыпты.

Науқастың қосымша диагноздары: созылмалы бүйрек ауруы, ренальді анемия, созылмалы ағыммен жүйелі қызыл жегі, қант диабеті, екі жақты полисегментарлы пневмония.

"22 сәуірде жүргізілген инвазивті емес жасанды желдету тиімсіз болуына байланысты инвазивті ӨЖЖ ауыстырылды. Сондай-ақ, бағдарламалық гемодиализ сеансын алды. Бүгін жүргізілген емге қарамастан, полиорган жетіспеушілігінің белгілері өршіп, сағат 06:30-да қан айналымы тоқтады. 30 минут ішінде өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтті болмады. Сағат 07:00-де биологиялық өлімді анықталды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, келесі аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус жағдайына қатысты кезекті телевизиялық үндеуін жариялайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коронавирустан қайтыс болған науқас туралы деректер шықты