Выйти
RU

Үйден шығарып, блок-бекеттерден өткізу үшін пара алған тұлғалар анықталды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Қазақстанда үйде отырмау және карантинге жабылған аймақтардан өту үшін пара беру фактілері бойынша бірнеше тергеу амалы жүріп жатқанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Солтүстік Қазақстан облысында полиция бастығы 1,3 млн теңге пара алған

Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер жергілікті полициямен бірлесе отырып, аудандық полиция басшысының әрекетін әшкереледі. Ол 1,3 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Бұл ақша үшін кейбір азаматтарға ауданда емін-еркін жүріп, ТЖ тәртібін сақтамауға рұқсат берілген.

Сондай-ақ аталған өңірде Петропавл әкімдігінің қызметкеріне қатысты тергеу басталды – болжам бойынша, ол 50 мың теңгеге автокөліктерді карантин аймағынан өткізіп отырған.

Шымкентте ТЖ режимі бұзылды

Шымкентте патрульдік полиция қызметкері 25 мың теңге пара алды деп күдіктелуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің болжамынша, бұл ақшаға тәртіп сақшысы қала ішіндегі блок-бекеттерден рұқсаты жоқ автокөліктерді өткізіп отырған.

Сондай-ақ осы қаладағы учаскелік полицей де күдікке ілініп отыр. Тергеудің болжамы бойынша, ол облыс тұрғынынан блок-бекеттен жаяу өту үшін 15 мың теңге пара алған.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетейік, жақында Шымкентте төтенше жағдай кезінде жұмыс істеп келген дәмхананың әшкереленгенін хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үйден шығарып, блок-бекеттерден өткізу үшін пара алған тұлғалар анықталды (видео)