Выйти
RU

536 адам вирусты жеңді: Елімізде тағы 21 адам емделіп шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресми дереккөздер елімізде коронавирус инфекциясынан тағы 21 адам емделіп шыққанын хабарлады. COVID-19 вирусын Қазақстанның бірқатар өңірінің тұрғындары еңсерген деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде коронавирус инфекциясынан жазылғандардың саны арта түсті.

"Соңғы деректер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Атырау облысында - 2 адам, Қызылорда облысында - 16 адам, Шымкент қаласында - 1 адам қауіпті дерттен айығып, ауруханадан шықты. Осылайша, Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны 536-ға жетті", - делінген хабарламада.

Жазылғандар тізімі:

Нұр-Сұлтан қаласы – 207

Алматы қаласы – 88

Шымкент қаласы – 18

Ақмола облысы – 20

Ақтөбе облысы – 10

Алматы облысы – 9

Атырау облысы – 31

Шығыс Қазақстан облысы – 5

Жамбыл облысы – 31

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қарағанды облысы – 19

Қостанай облысы – 1

Қызылорда облысы – 45

Маңғыстау облысы – 4

Павлодар облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 25

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Түркістан облысы – 20

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
536 адам вирусты жеңді: Елімізде тағы 21 адам емделіп шықты