Выйти
RU

12,9 млн теңге жымқырылған: Алматы облысында ауыл әкімдері тергелуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысындағы ауыл әкімдеріне қатысты тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Өңірде 12,9 млн теңге көлеміндегі қаражат жымқырылғаны анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қызметтік лауазымын асыра пайдаланғаны үшін күдікке Бесқайнар ауылдық округінің әкімі ілінді. Ол Іле-Алатау табиғи саябағының аумағынан заңсыз түрде жер беріп тұрған болу керек.

Панфилов ауылдық округінің әкімі "ақшаның ізін жасыру" бойынша күдіктелуде. Шенеунік ол қаржыны заңсыз салынған кафе мен мейрамхана арқылы иеленген болуы мүмкін.

Оған қоса, облыста 12,9 млн теңге көлеміндегі қаражаттың жымқырылғаны анықталды. Тергеу бұл жағдайға Еңбекшіқазақ ауданындағы жұмыспен қамту орталығының басшысы кінәлі деп есептейді.

Мекеме жетекшісі бұл бюджеттік ақшаны жергілікті шаруа қожалықтарының басшыларына аударған көрінеді. Олар өз кезегінде жұмысшыларының тізімне шын мәнінде жоқ адамдарды енгізіп қою керек болған.

Мемлекет жымқырылған ақшаны аталмыш өңірге халықты жұмыспен қамту мен тұрғындар арасында кәсіпті дамытуға бағытталған "Еңбек" бағдарламасы үшін бөлген болатын.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздің түрлі өңіріндегі қазақстандықтардың ТЖ режимі кезінде карантиндік шараларды бұзып, үйлері мен ошақ аумағынан шығу үшін полицейлерге пара беріп жүргенін мәлімдеді.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
12,9 млн теңге жымқырылған: Алматы облысында ауыл әкімдері тергелуде