Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірнеше аспаптың құлағында ойнайтын ақтөбелік жігіт елді тәнті етті

Опубликовано:

Ақтөбе өңірінен шыққан талантты жандар аз емес. Әсіресе тұла бойында өнер тұнған дарынды жастар бүгінде көптің көзайымына айналып үлгерген. Солардың бірі - аспаптаушы, этномузыкант, күйші Әлібек Ынтағали. Бір емес, бірнеше аспапты қатар меңгерген өнер иесі парақшасында түрлі видеоларын жариялап, елдің алғысына бөленуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Twitter

Күллі әлемде қауіпті вирус таралып, төтенше жағдайға байланысты карантин жарияланғалы бері түрлі өнер саласының жұлдыздары онлайн қызмет етуге көшкен.

"Арайлы Ақтөбе" ансамблінің артисі, көптеген Халықаралық байқауларда топ жарған дүлдүл Әлібек Ынтағали да өзінің ерекше өнерімен жанкүйерлерін қуантуда.

Домбырадан бөлек бірнеше ұлттық аспаптың құлағында ойнайтын шебер жігіт өз парақшасына түрлі видео жариялаған.

Соңғы жүктеген видеоларының бірінде жас талант сыбызғымен, домбырамен және жетігенмен өнер көрсеткен.

Ол көпшілікке Мейрамбек Бесбаевтың "Сағындың ба?" туындысын ұсынды.

Видеоны көрген желі қолданушылары Әлібек Ынтағалидың өнеріне оң баға беріп, жақсы пікірлерін жаудырды..

"Керемет", "Өркенің өссін, аман бол", "Жарайсың", "Өнеріңе тәнтімін", "Тек алға", "Тіл-көзден аман бол", "Күшті", - деп жазды ұлттық өнерді бағалаушылар.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеден шыққан танымал әнші Димаш та өзін жаңа қырынан танытқан болатын.

Дүниежүзін ерекше даусымен таңдай қақтырып жүрген Димаш Құдайберген елді мойындатқан әнші ғана емес, шебер футболшы екенін де дәлелдеді.

Желіде өнер иесінің бір орында тұрып, допты жерге түсірмей теуіп жатқан сәтінен видео тарап кетті. Ақтөбелік тума талантқа жұрт сүйсініп, оның ерекше қабілетін жоғары бағалаған

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1852509-birnese-aspapty-klagynda-ojnajtyn-aktbelik-zigit-eldi-tnti-etti/

pixel