Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ата-анасы сау": Түркістан облысында жаңа туған сәбиден коронавирус анықталды

Опубликовано:

Түркістан облысы Созақ ауданында сәбиден коронавирус инфекциясы анықталған. Бір қызығы оның ата-анасынан қауіпті дерт табылмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, нәрестенің өмірге келгеніне бір ай болған. Оның ата-анасы Созақ ауданы, Құмкент ауылының тұрғындары.

"Өкінішке орай, коронавирус жұқтырған адам нәрестемен байланыста болған. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Сәбидің температурасы мен дене қызуы жоқ.
Ол инфекциялық ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Ата-анасынан коронавирус сынамасы алынды. Бірақ теріс нәтиже көрсетті. Олар екінші рет қайта анализ тапсыратын болады", - деді ведомство.

Сонымен қатар, Созақ ауданы, Таукент ауылының 1980 жылғы тұрғынынан коронавирус инфекциясы расталды. Ол Ресей Федерациясынан 15 сәуірде Қарағанды қаласына келіп, ары қарай Алматы қаласына барған. 21 сәуір күні Алматыдан Созақ ауданына келген.

Одан бөлек, Созақ ауылының 1992 жылғы тұрғыны да коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 2207-ге жетті.

Оның 77-сі Түркістан облысынан анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852512-ata-anasy-sau-trkistan-oblysynda-zaa-tugan-sbiden-koronavirus-anyktaldy/

pixel