Выйти
RU

Рамазан айында елорда мешіттерінде кешкі намаз жамағатсыз оқылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қасиетті Рамазан айында елорда мешіттерінде намаз жамағатсыз оқылатын болады. Сондай-ақ, имамдар тұрғындарды ауызашарға қонақ шақырудан бас тартуға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі

Төтенше жағдай және карантин режиміне байланысты Рамазан айы мерекесі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мешіттерде дәстүрлі кешкі тарауық намаздары, ауызашарлар уақытша тоқтатылады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми парақшаларында мешіт имамдарының қатысуымен Құран оқу бойынша және Рамазан айының басқа да шараларының онлайн-трансляциялары өтеді.

Пітір садақаны Kaspi.kz қосымшасы арқылы жолдауға болады. 2020 жылы пітір садақаның жан басына шаққандағы мөлшері – 370 теңге.

Пітір садақаны дұрыс жолдау нұсқаулығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми парақшасында (muftiyatkz), Нұр-Сұлтан қаласының дін мәселелерін зерттеу орталығының парақшасында (elorda_cipr) немесе 33-30-30 сенім телефоны арқылы танысуға болады.

2020 жылы Рамазан айы мерекесі 24 сәуір мен 23 мамыр аралығында өтеді.

Айта кетейік, бұгін Қазақстанның бас мүфтиі ел тұрғындарын Рамазан айының келуімен құттықтаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Рамазан айында елорда мешіттерінде кешкі намаз жамағатсыз оқылады