Выйти
RU

Осы жылы Қазақстанда тоғыз автожол ақылы болмақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы басшысы ағымдағы жылы қай көлік жолдарымен жүру ақылы болатынын айтып, жолдардың жаңа режимге ауысуы үшін жасалып жатқан жұмыстардың аяқталу мерзімін атады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда 9

Фото: pixabay.com

Ұлан Алипов айтуынша, келесі жолдар мен жол бөліктері ақылы негізге ауысады: "Шымкент-Ташкент", "Капчагай-Талдыкорган" жол бөлігі, сондай-ақ елордадан Павлодарға дейінгі және Павлодардан Омбыға дейінгі жол бөліктері.

Еліміздің батысында "Атырау-Ақтау", "Бейнеу-Ақжайық", "Ақтөбе-Орал", "Орал-Тасқала" және "Орал-Самара" жолдары ақылы болмақ.

Маманның айтуынша, жыл соңына дейін барлық жөндеу жол жөндеу жұмыстары аяқталып, содан соң төлем қабылдау жүйесі орнатылмақ.

Алипов төлемдерден жиналған қаржының барлығы осы жолдардың күтіміне жұмсалатынын айтып, сендірді. Себебі оған арнап мемлекеттік қазынадан ақша бөлінбейтін көрінеді.

Бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі қазіргі таңда елімізде жалпы ұзындығы 682 км-ны құрайтын 4 ақылы жол барын айтқан еді.

Оларға "Нұр-Сұлтан-Щучинск", "Нұр-Сұлтан-Теміртау", "Алматы-Хоргос", "Алматы-Қапшағай" жолдары кіреді. 2020 жылдың 20 сәуір күнгі ақпаратқа сәйкес, бұл жолдардан түскен қаражат 1 103,6 млн теңгені құрап отыр. Қазақстандағы тасжолдардың төлем қабылдау жүйесі 2015 жылдан бері 682 км жолға енгізілген.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетсек, елімізде үйден шығарып, блок-бекеттерден өткізу үшін пара алған тұлғалар анықталғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Осы жылы Қазақстанда тоғыз автожол ақылы болмақ