Выйти
RU

2251-ге жетті: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 44 адам тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы 44 дерегі тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 2251-ге жетті деп хабарлайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2251-ге жетті: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 44 адам тіркелді

Көрнекі фото: pixabay.com

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 44 адамның біреуі Қарағанды облысынан, тоғызы Ақтөбе облысынан, 20-сы Алматы қаласынан, 9-ы Жамбыл облысынан, үшеуі Алматы облысынан, біреуі Нұр-Сұлтан қаласынан, біреуі Қызылорда облысынан анықталды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 423 адам, Алматы қаласында 756 адам, Қарағанды облысында 103 адам, Ақмола облысында 83 адам, Атырау облысында 82 адам, Жамбыл облысында 88 адам, Шымкент қаласында 133 адам, Шығыс Қазақстан облысында 15 адам, Алматы облысында 68 адам,
Ақтөбе облысында 43 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 30 адам, Павлодар облысында 50 адам, Маңғыстау облысында 19 адам, Қызылорда облысында 159 адам, Батыс Қазақстан облысында 86 адам, Түркістан облысында 77 адам, Қостанай облысында 36 адам - жалпы 2251 науқас тіркелді.

Айта кетейік, мемлекет басшысы коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған Төтенше жағдай кезінде екі аптаның ішінде салынған елордадағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасына барды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
2251-ге жетті: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 44 адам тіркелді