Выйти
RU

10 адамды өрттен құтқарған қазақстандыққа Оңтүстік Корея билігі виза беретін болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жуырда он адамды өрттен құтқарған қазақ жігітіне Оңтүстік Корея билігі арнайы виза береді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Коллаж: NUR.KZ. Кадрлар Хабар 24 видеосынан алынды

Коллаж: NUR.KZ. Кадрлар Хабар 24 видеосынан алынды

"Бүгін Кореяның Әділет министрлігінің өкілдері жуырда өрт шыққан тұрғын үйден он шақты адамды құтқарып алған біздің Әлимен кездесті. Кездесу барысында отандасымыздың сол елде тұру мәртебесіне өзгеріс енгізу процедурасы талқыланды. Әли тиісті өтінімді берген еді. Корея тарапы оның құжаттарының бәрін қарап, Әлиге арнайы виза беру туралы шешім қабылдады", - деп хабарлайды ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

ҚР Сыртқы істер министрлігі ресми өкілінің хабарлауынша, Әлиге алдағы уақытта тұрақты тұратындай мәртебе беру мәселесі де талқыланады. Оңтүстік Корея билігі берген мұндай артықшылықты Әли пайдалана ма, жоқ па – өзі шешеді.

"Сонымен қатар корейлік LG Welfare Foundation қоры Әлиді арнайы LG Personnel Award сыйлығымен марапаттауды ұсынды. Ол сыйлық басқа адамдарды құтқарып қалған батыл жандарға беріледі", - дейді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, жақында Оңтүстік Кореяда төбелес кезінде Қазақстанның 19 азаматы ұсталды.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

"Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігінің консулдық бөлімі оқиғаның мән-жайын анықтауда. Біздің дипломаттар бұл мәселені бақылауда ұстауда және жергілікті полиция мен миграциялық қызметпен байланыста", – деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
10 адамды өрттен құтқарған қазақстандыққа Оңтүстік Корея билігі виза беретін болды