Выйти
RU

Биыл әскери жиындарға 1500 әскери міндетті шақырылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығына сәйкес, 2020 жылы әскери жиындарға 1 500 әскери міндетті шақырылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"2020 жылы 1500 әскери міндетті әскери жиындарға шақырылсын", – делінген ведомство басшысының бұйрығында.

Әскери жиындарды әскери басқару органдары, әскери дайындық жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдар өткізеді.

"Мұндай жиындар елде жылына бірнеше рет ұйымдастырылады", – деді қорғаныс министрлігінде.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

Әкімдер азаматтарды жиынға қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер, әскери комиссариат арқылы шақырады. Олардың денсаулығы, отбасы жағдайы мен жасы сынды жайттар ескеріледі.

Еске сала кетсек, 2 сәуір күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы жарлыққа қол қойған болатын.

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылсын", – делінді Ақорда сайтында жарияланған президент қаулысында.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Биыл әскери жиындарға 1500 әскери міндетті шақырылады