Выйти
RU

Алматыда 78 адам коронавирус жұқтырды: олар туралы не білеміз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада соңғы екі күн ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа 78 оқиғасы тіркелді. Қаланың денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, науқастардың 54-і кеше, ал 24-і бүгін анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Мегаполистің денсаулық сақтау басқармасы вирусқа шалдыққан жаңа науқастар жөнінде егжей-тегжейлі баяндап берді.

Соңғы деректерге сәйкес, Алматыда жалпы 756 адам инфекция жұқтырған. 88 науқас індеттен жазылып шықты.

Денсаулық сақтау басқармасында атап өткендей, 663 науқас қаладағы жұқпалы ауруларға арналған стационарларда ем алуда. Олардың арасында Алматы облысынан келген науқас та бар.

Ведомствоның хабарламасында 24 науқастың жағдайы ауыр екені айтылған. 198 адамның жағдайы орташа деңгейде деп бағалануда. Қалғандарының жағдайы – қанағаттанарлық.

Сондай-ақ 440 науқастың, оның ішінде 15 баланың уақытша орталықтарда жатқаны белгілі болды.

Қала бойынша 421 адам карантинге жатқызылса., 10 093 адам үйлерінде оқшауланған.

Еске сала кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 551 адамға жетіп отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда 78 адам коронавирус жұқтырды: олар туралы не білеміз