Выйти
RU

Қазақстанда тағы 9 адам коронавирустан жазылып шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында 9 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Осылайша, Қазақстан бойынша инфекциядан жазылғандар саны 560 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Соңғы деректерге сәйкес, коронавирус инфекциясынан емделіп шыққан тоғыз адам Жамбыл облысында тіркеліп отыр. Жалпы, қазіргі уақытта Қазақстан бойынша жағдай төмендегідей:

Нұр-Сұлтан қаласында – 207,

Алматы қаласында – 88,

Шымкент қаласында – 18,

Ақмола облысында – 20,

Ақтөбе облысында – 10,

Алматы облысында – 9,

Атырау облысында – 31,

Шығыс Қазақстан облысында – 5,

Жамбыл облысында – 40,

Батыс Қазақстан облысында – 2,

Қарағанды облысында – 30,

Қостанай облысында – 3,

Қызылорда облысында – 46,

Маңғыстау облысында – 4,

Павлодар облысында – 1,

Солтүстік Қазақстан облысында – 25,

Түркістан облысында – 21 адам аурудан айғып шықты.

Бұған дейін Қостанай облысында 2 адамның коронавирус індетінен емделіп шыққанын хабарлағанбыз.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы 44 дерегі тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясы анықталған науқастардың саны 2251 адамға жетіп отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда тағы 9 адам коронавирустан жазылып шықты